​Түркістан әуежайында алғашқы халықаралық рейс іске қосылды

​Түркістан әуежайында алғашқы халықаралық рейс іске қосылды

Еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласының әуежайынан халықаралық ұшақ рейстері ашылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Ең алғашқы тікелей рейс Түркістан- Ыстамбұл бағытана жасалды. Билеттер құны 40 мыңнан басталады.

Әуежай қызметінің айтуынша, билеттер толығымен сатылып үлгерген. Халықаралық бағытта әзірге аптасына екі рет- жұма және жексенбі күндері ұшуға болады. Алдағы уақытта шет мемлекеттерге ұшақтар күнде қатынайтын болады.

Айта кетейік, жаңа бағыт бойынша билеттер FlyArystan мобильді қосымшасында және FlyArystan.com сайтында қолжетімді.