Тәуекел Мүсілім – Шымкенттің ресми туризм елшісі атанды

Тәуекел Мүсілім – Шымкенттің ресми туризм елшісі атанды

Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы қаланың туристік әлеуетін насихаттау мақсатында бірқатар жұмыстарды жүзеге асырып отыр. Әсіресе қаланың жағымды туристік имиджін қалыптастыруда шоу-бизнес өкілдерін жарнамалық ақпарат тарату жұмыстарына тартудың маңызы зор екенін айтуда.

Екі жақты келіссөздер нәтижесінде танымал актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім - Шымкент қаласының ресми туризм Елшісі атанды.

Тәуекел Мүсілім жағымды жаңалықпен өзінің жеке инстаграм парақшасында бөлісіп, көрікті шаһардың танымалдылығын арттыруға атсалысатынын жеткізді.

Сондай-ақ, шымкенттік жұлдыз барша қала тұрғындары мен қонақтарын 19 маусым - Қала күні мерекесімен құттықтап, туризм Елшісі ретінде алғашқы жазбасын жариялап үлгерді.