Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Қаратау ауданы әкімдігінде жиын өтті. Ауданда атқарылатын шаруаның басы-қасында жүріп, тұрғындардың арыз-шағымдарымен жұмыс істейтін әкімдік қызметкерлері екені даусыз. Мереке қарсаңында осындай бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С. Әуесханов әкімдік қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.
– «Егемен еліміз 16 желтоқсан күні салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – «Тәуелсіздік күнін» атап өтеді. Алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілген Атамекеніміздің осындай биіктіктерді бағындыруына оның барша азаматтары сүбелі үлес қосты деп білемін.Бүгінде, сол халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Тарих үшін қас қағым ғана уақыт... Бірақ, Елбасымыз жүргізген салиқалы саясаттың арқасында Қазақстанымыз төрткүл дүниеге танымал мемлекетке айналды. Ел тізгінін қолға алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да бәрінен құнды болған қасиетті Тәуелсіздігімізді қорғауда, оны мәңгілік ету жолында елге ерекше еңбек етіп келеді. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін», - деді жиынға қатысқан аудан әкімі Абзал Әліқұлов.