​«Туған өлкем - жұмақ мекен» атты мәдени шара өтті

​«Туған өлкем - жұмақ мекен» атты мәдени шара өтті

Шежіре күніне орай қалада «Туған өлкем - жұмақ мекен» атты мәдени шара өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Салтанатты кеш «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты Жаңаталап, Қызылжар, Сайрам, Шапырашты мәдениет үйлерінде тойланды.

Аталған шара өскелең ұрпаққа өз тарихын білуге, ер-азаматты патриотизмге баулуға, сондай-ақ, елге қорған болған алып тұлғаларымыздың есімін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мәдени шара барысында тарихи шежіреге байланысты сахналық қойылымдар, бейнероликтер көрсетіліп, қала өнерпаздары мерекенің ажарын аша түсті.

Елдімекен тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі әндер мен жырлардан бөлек туған өлкенің тарихы, туған елден шыққан тұлғалардың, ел мақтаныштарына айналған азаматтардың өнегелі істері жайында жан-жақты мағлұмат алды.

Айта кетейік, Қазақстанда биыл Наурыз мерекесін 10 күн бойы атап өту ұсынылған болатын. Бүгін, яғни, 16 наурыз – Шежіре күні болып белгіленген еді.