Tumar apartaments тұрғын үй кешенінің 2-ші кезең құрылысы жалғасуда

Tumar apartaments тұрғын үй кешенінің 2-ші кезең құрылысы жалғасуда

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Tumar Apartments жаңа тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын аралап көрді. Нысанның іргетасы былтыр қаланып, биыл 2-ші кезең құрылысы қарқынмен жүргізілуде.

Тұрғын үй қаланың Сырым батыр және Қ.Төлеметов көшелерінің қиылысында орналасқан. Сапалы өмір сүру үшін 500 метр радиуста қажеттінің бәрі бар: балабақша, сауда орталығы, дүкендер, саябақтар мен алаңдар. Аумақтағы жасыл-желек, тіпті ең ыстық күнде де сая бола алады.

Tumar Apartments екі кезектен тұрады. Бірінші кезектегі құрылыс-монтаж жұмыстары осы көктемде аяқталды. Ал екінші кезектің құрылысын аяқтау жыл соңына дейін жоспарланған. Әзірге құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Айтып өтейік, Tumar Apartments үйлерінің балкондары француз стиліне ұқсас жасалып отыр. Сонымен қатар бұл кешен тұрғындардың демалуына арналған шай үйімен, аумақтағы жүгіру жолы, бірінші және соңғы қабаттардағы ашық террассалармен ерекшеленеді.

"Көліксіз аула" тұжырымдамасына сай жерасты паркингі қарастырылған.

Алдағы уақытта аумақ көгалдандырылып, әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары да салынатын болады.