«Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы Халықаралық балалар күніне орай балалар туризмін дамыту мақсатында арнайы ойын-сауық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бүлдіршіндер Арбат алаңында туған өлкені тереңірек тануға арналған сайыстар мен ойын-сауықтар болды. Ақпараттық орталық қызметкерлері балалардың зейінін және ойлау қабілетін арттыратын викториналық сұрақтар қойып, жасөспірімдерге өлкетану бағытында ақпараттар берді. Арнайы әзірленген сауалдарға жауап берген жеңімпаздарға демеушілер тарапынан сыйлықтар үлестірілді.
- Бүгінгі таңда жастар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту өзекті мәселердің бірі. Халықаралық балалар күні мерекесіне орай «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы балалар мен ата-аналарға ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында шараны қолға алып, жүзеге асырдық. Ең бастысы балалардың жүзіндегі шынайы қуаныш пен ата-аналардың алғысы, - дейді орталық өкілі С.Нариманова.
Сонымен бірге 50-ге жуық бүлдіршінге аквагримерлер ақысыз өрнек салып мерекелік көңіл-күй сыйлады.