Әуе базасының жауынгерлік әзірлігі тексерілді

Әуе базасының жауынгерлік әзірлігі тексерілді

Шымкентте арнайы комиссия авиациялық базаның жауынгерлік әзірлігін тексерді, деп хабарлайды Shymkenaqparat

Тексеру жұмысына әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары, полковник Тимур Омаров төрағалық етті.

Авиацияның жауынгерлік әзірлігін нақт анықтау үшін жеке құрамға кенеттен дабыл көтерілді. Комиссия кезекші күштерді, оқу-материалдық базаның жағдайын, сондай-ақ жауынгерлік құрам мен қару-жарақты тексерді.

Ұшу құрамы, ұшу дағдылары, нысанаға дәл шығу және шартты қарсыласты жою, сондай-ақ жауынгерлік ұшуды орындау бойынша бағаланды.

Тексеру барысында комиссия жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру, жауынгерлік даярлық, ұшуды қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамтылуы, инженерлік-техникалық құрам мен байланыс мамандарының жұмысына назар аударды.

Тексеру қорытындысы бойынша комиссия төрағасы авиациялық базаның жеке құрамы жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын екенін жеткізді.