Улы газдан қорғанудың алдын алу акциясы өтті

Улы газдан қорғанудың алдын алу акциясы өтті

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының қызметкерлері аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарымен бірлесе аудан аумағында газдан уланудың алдын алу акциясын өткізді.

"Сақ болыңыз – улы газ" акциясы барысында көпқабатты үйлерге және жатақханаларға уланудың ең көп тараған себептері, оның белгілері және газбен улану кезіндегі алғашқы жәрдем туралы жазылған ақпараттық-түсіндірме брошюралары таратылды.

Аталған жұмыстар Әл-Фараби ауданы аумағында көктем мезгіліне дейін тұрақты түрде жүргізіледі. Себебі мұндай іс-шаралар қайғылы жағдайлардың алдын алуға тікелей септігін тигізеді.

Үйлер мен пәтерлерде жанып тұрған газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, олардың қалыпты жұмыс істеуіне үй иелері жауапты екенін есте сақтаған жөн.