V жастар спорт ойындарының ашылу салтанаты өтті

V жастар спорт ойындарының ашылу салтанаты өтті

Шымкент қаласында V Жастар спорт ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Елімізде әр 4 жыл сайын өтетін жарысқа спортшылар 36 жазғы спорт түрінен қатысады. Оның ішінде спорттың 6 түрі Шымкент қаласында өтуде. Олар садақ ату, оқ және стенд ату, гандбол, бадминтон, көркем гимнастика.

Сайыста Республиканың 17 аймағынан келген спортшылар бақ сынайды.

Жастар спорттық ойындарының мақсаты – ҚР құрама командаларын жасақтау және халықаралық жарыстарғадайындау үшін жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша мықты спортшыларды анықтау.

Айта кетейік, жарыстар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Барлық қатысушылар, спортшылар мен жаттықтырушылар COVID-19-ға ПТР теріс анықтамаларды ұсынады.