Вакцинациялауды жүргізу үшін емханаларда барлық жағдай жасалған – Позилов

Вакцинациялауды жүргізу үшін емханаларда барлық жағдай жасалған – Позилов

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов №1 қалалық клиникалық ауруханада денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жиынға қалалық медициналық ұйымдардың басшылары, медициналық колледж директорлары, басқарма бөлімдерінің басшылары мен бас мамандары қатысты.

Кездесу барысында өткен жылы денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар мен осы жылға арналған жоспары талқыланды.

«Ұжымдық иммунитетті» құру ғана КВИ пандемиясын тоқтата алады. Ең дұрыс тактика – мүмкіндігінше көп адамды вакцинациялау. Қала тұрғындары вакцинация қиын жағдайдан шығудың жолы екенін түсінуі керек. Оны сапалы жүзеге асыру үшін қалада барлық жағдай жасалуда. Егу науқаны өте ұйымдасқан түрде жүргізіледі деп сенемін,– деді қала әкімі.

Биыл медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтауға бюджеттен 6 млрд теңге бөлінеді. Қалалық перзентхана аумағында 200 төсек - орынға арналған перзентхана құрылысы мен 5 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Өткен жылы күрделі жөндеуден өткен №1 қалалық емхана ауысымына 500 науқасқа медициналық көмек көрсетеді. Онда 46 196 тұрғын тіркеуде тұр. Бүгінге дейін күндізгі стационарда 924 науқас ем қабылдап, сауығып шықты.

Мекеме электронды жүйеге көшіп, жаңа бағыттарды енгізуде. Емханада КМИС порталы, электрондық тіркеу орны іске қосылды. Мекеме медициналық құрал-жабдықтармен 70% жабдықталған.

Фото: Береке Сейітжаппар