Шымкентте жануарларды энзоотиялық ауруларына қарсы шараларды жүргізуге 42,2 млн. теңге бөлініп, оған 162 492 басқа бүрку, 240 652 басқа тоғыту жұмысы жүргізілген, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып отыр.
Өткен жылы эпизоотияға қарсы 129,7 млн. теңге бөлініп, жануарлар мен адамға ортақ қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егу жұмысына жұмсалған.
Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы 3 млн. 922 мың шаршы метрлік үй іргелік қора жай мен 751 мың шаршы метр буферлік аумақ кенеге қарсы залалсыздандырылды.
Өткен жылы егеуқұйрықтарға қарсы 10 млн. 833 мың шаршы метр 12 өзен мен канал аумағы, көпқабатты үйлердің қоқыс контейнерлері мен Ақтас тұрғын алабындағы қоқыс полигонында дератизация жұмысы атқарылған.