WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болды

WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болды

WhatsApp мессенджері жаңа функцияны іске қосты. Қолданушылар енді видео жіберіп жатқанда оның дыбысын алып тастай алады, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы компания Twitter-парақшасында хабарлады. Бұл функцияны қазір Android қолданушылары пайдалана алады. Алайда функция iOS жүйесіне нақты қашан қосылатыны белгісіз.

– Қарайсыз, бірақ естімейсіз. Енді видеоны статусқа қосып немесе чатқа жібермес бұрын дыбысын өшіре аласыз. Бұл Android жүйесінде қол жетімді, - делінген хабарламада.

Ол үшін видеоны жібермес бұрын дыбысты өшіру белгішесін басу қажет.

WhatsApp-тың видео редакторында дыбыс ұлғайтқыш белгішесін көруге болады. Дыбысты өшіру түймесі видео WhatsApp-қа жазылған-жазылмағанына қарамастан шығады. Яғни, функция қолданушылар басқа қосымшадан алынған, оның ішінде камераға түсірілген видеоны бөліскен кезде де жұмыс істейді.