Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен «Отбасы банк» АҚ-ның төрайымы Ляззат Ибрагимова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі жақты меморандум негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, энергетика және БАҚ саласының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында «Qamqor» өңірлік бағдарламасы әзірленді.
Бағдарлама аясында 150 адамды жеңілдетілген несиемен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 3 млрд.теңге қаржы қаралды.
Несие бойынша мөлшерлеме 5%, алғашқы жарна 10%, 20 жыл мерзімге беріледі.
Бүгінгі уағдаласу тұрғын үй кезегіне тұруға жатпайтын, баспанасы жоқ азаматтарды пәтермен қамтуға мүмкіндік береді.