Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Жаңа атшабар және көпқабатты тұрғын үй кешені мен жаяу жүргіншілер аймағының (променад) құрылысы туралы» ашық қоғамдық тыңдау өтетінін жариялайды, деп хабарлайды Shymkenraqparat
Қоғамдық тыңдау 2021 жылдың 19 ақпаны сағат 15.00-де ZOOM платформасы арқылы өткізіледі. Қатысу үшін shymkent.saulet@ontustik.gov.kz электронды поштасына келесі ақпараттарды жолдауыңыз қажет: аты-жөніңіз, ЖСН, ұялы байланыс телефоны, тұрғылықты мекенжайыңыз, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз.
Тапсырыс беруші: «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ. Бас жобалаушы: «BI Group» Холдингі.
Жобаның құжаттамасы.
Байланыс үшін: Гүлжазира Сәрсенбаева
Тел: +7 7252 24 72 90, +7 778 939 01 48.