Жаңа ипподромның құрылысы басталды

Жаңа ипподромның құрылысы басталды

Қала мәслихатының депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған топ және БАҚ өкілдері жаңадан салынып жатқан ипподромның жобасымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Шымкенттің бас жоспары бойынша атшабар кешені Бозарық тұрғын алабында бой көтереді. Алаңы 39 га салынатын нысанда жасанды жүгіру жолы, жарыс өткізуге арналған алаң, жабық мінбер мен атқоралар, ветеринариялық бекет, жем қоймалары және 310 көлікке арналған автотұрақ салу жоспарланған.

Атшабардың құрылысын 2022 жылдың наурыз айында аяқтау көзделген. Жобаны BI Group компаниясы өз қаржысы есебінен, әлеуметтік жоба ретінде жүзеге асыруда. Сондай-ақ, құрылысқа 10 жуық жергілікті компаниялардан 200-ден астам жұмысшы тартылған.

Қоғамдық кеңес өкілдері құрылыстың сапасын бақылауға белсенді топ арасынан арнайы комиссия құруды ұсынды. Яғни, комиссия атшабар құрылысына қатысты ұсыныстарын жеткізеді. Бұл ұсынысты BI Group компаниясы тарапынан қолдау тауып, кз келген ұсынысты жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.