Жаңа реформаны түсіндіру жұмысы нәтижесін беруде

Жаңа реформаны түсіндіру жұмысы нәтижесін беруде

Шымкентте жаңа тұрғын үй реформасы өз нәтижесін беруде. Айталық, Абай ауданында 453 көпқабатты тұрғын үй болса, соның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде МИБ және ЖС құру жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде МИБ және ЖС құрудың тиімділігін түсіндіруге байланысты тұрғындармен 597 жиналыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 411 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 100 пайызды құрап отыр. Оның ішінде, 325 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік және 61 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылған. Қалған 67 көпқабатты тұрғын үй 1 және 2 қабатты үй болуына байланысты мүлік иелерінің бірлестігіне және жай серіктестікке тіркелуге жатпайды.

Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 570 жиналыс өткізілді. Соның нәтижесінде 53 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Сондай-ақ, 470 тұрғын үй жай серіктестікке бірікті.

Еңбекші ауданында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жүйесіне көшіру мақсатында халық арасында үгіт-насихат жұмыстары кеңінен жүргізілді. Түсіндіру бағытындағы әрекеттерді жандандыру үшін жол картасы бекітіліп, кесте түзілді. Сол кестеге сай насихаттау ісі жалғасын тауып жатыр. Қазіргі уақытта аудан аумағындағы 630 көпқабатты тұрғын үйдің 16-ның МИБ, 479-нің ЖС таңдау келісімдері және 47-нің бас тарту хаттамалары жинақталды. Сонымен қатар, 576 үйдің тұрғындарына жаңа реформаның артықшылықтары түсіндірілді. 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан 11 көпқабатты үйге үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, қол жинау үшін хаттамалар берді.

Қазіргі таңда, Қаратау ауданы аумағында МИБ және ЖС-нің тиімділігі жан-жақты түсіндіріліп келеді. Соның негізінде тұрғындармен 113 кездесу, 25 онлайн жиналыс ұйымдастырылды. Осыған дейін 11 МИБ және 333 ЖС құрылды. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде қалған көпқабатты үйлерден хаттамалар жинақталуда.