Жаңа жылда 303 шымкенттік сәби өмірге келді

Жаңа жылда 303 шымкенттік сәби өмірге келді

Шымкентте жаңа жылға өткен түні 69 нәресте өмір есігін ашты. Сәбилердің 34-і ұл, 35-і қыз бала, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше, 4 қаңтарға дейін қаладағы екі перзентхана мен бір перинаталды орталықта дүниеге келген сәбилердің басым бөлігі қыз балалар. Төрт күн аралығында туылған 303 сәбидің 142 ұл, 161 қыз бала және 1 егіз бар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32 балаға артқан.

Жаңа туған сәбилердің саны бойынша қалалық перзентхана көш бастап тұр. Төрт күнде 77 ұл бала, 49 қыз, жалпы 126 сәби өмір есігін ашқан. Шаһарда 2021 жылдың алғашқы егізі де осы перзентханададүниеге келді. Егіз қыздардың бірі 2800 грамм, екіншісінің салмағы 2625 грамм. Қазір ана мен балалардың жағдайы жақсы.

Қалалық перинатальды орталығында дүнеге келген сәбилердің ұл балалар саны басым. 91 сәбидің 50-і ұл, 41-і қыз бала.

Сонымен қатар, №2 қалалық ауруханаға қарасты босану үйінде 1-4 қаңтар аралығында 68 сәби дүниеге келген. Оның 34-і ұл, 34-і қыз.

Айта кетейік, қаладағы барлық үш перзентханада оқыс оқиғалар мен келеңсіз жайттар орын алмаған.

Фото: ашық дереккөз