Жаңартылған оңалту орталығында жыл басынан бері 826 бала ем алып шықты

Жаңартылған оңалту орталығында жыл басынан бері 826 бала ем алып шықты

Күрделі жөндеуден өткен Шымкенттегі №2 Оңалту орталығы заманауи қондырғылармен жабдықталған.Бүгінде озық үлгіде жаңартылған орталықта 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу орталығы іске қосылған. Жыл басынан бері медициналық ұйымда 826 бала ем алды.

Орталықта неврологиялық ақауы бар және отадан кейінгі кардиохирургиялық, ортопедиялық 18 жасқа дейінгі балалар оңалту ем-шараларын алады. Мұнда 113 қызметкер жұмыс істейді. Балаларға физиотерапиялық гидроәдіс, массаж, логопед, дефектолог, эрготерапевт,психолог қызметтері көрсетіледі.

Педагог мамандары балалардың шығармашылығын дамытуға, өз-өзіне қызмет көрсетуге көмектеседі. Сондай-ақ, әлеуметтік дағдыларды дамыту жұмыстарын жүргізіп, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырады. Балаларды күнделікті өмірге бейімдеуге көмектесіп, ата-аналарына үй жағдайындағы оңалту жұмыстарын үйретеді.