Жаңаталапта 5 196 адам сапалы ауыз сумен қамтылады

Жаңаталапта 5 196 адам сапалы ауыз сумен қамтылады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы бірқатар тұрғын алаптардың инфрақұрылым жүйелерінің және жеке кәсіпкерлік нысандарының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Шаһар басшысы алдымен «Жаңаталап» тұрғын алабындағы ауыз су жүйесі құрылысының барысын бақылады.

Жаңаталап елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Мердігер мекеме «СМК и Ж-7» ЖШС қазіргі уақытта жұмыстың 70 %-н аяқтады.

Ұзындығы 86,1 шақырым ауыз су құбырының құрылысы тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде, Жаңаталап елді мекеніндегі 5 196 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.