Жалпықалалық сенбілік өтті

Жалпықалалық сенбілік өтті

Көктемнің алғашқы аптасында Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жыл сайын көктем мезгілі келгенде ұйымдастырылатын тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, шаһар тұрғындары және еріктілерден құралған жалпы сегіз мыңнан астам тұрғын қатысты.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің басшылығымен Абай ауданының аумағына 20 мың түп ағаш отырғызылды. Мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындардың көмегімен аудандағы 72 аулаға 3 мың түп раушан гүлі егілді. Сенбілікте қатысушылар төрт аудандағы саябақтар мен гүлзарларды, аулалар мен көшелерді және арық-атыздарды қоқыстан тазартты.

Айта кетейік, жалпықалалық сенбілікке 130-дан аса арнайы техника жұмылдырылды. Жиналған қоқыстар қала сыртына шығарылды. Барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды.