Жапонияда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

Жапонияда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

Сәрсенбі күні таңертең Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 5,9 балдық жер сілкінісі болды, салдарынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz сайты ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Жапонияның метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі таңертеңгі сағат 2:46-да болған, жапон сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 7-ден 5 жоғары балдық көрсеткіш Хашикамиде, Аомори префектурасында тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Тынық мұхитындағы Иватэ префектурасында шамамен 56 шақырым тереңдікте орналасқан.

Метеорологиялық агенттік апта ішінде сейсмикалық қарқындылығы 5-тен жоғары қосымша жер сілкіністерінің болуы мүмкін екенін ескертіп, алдағы бірнеше күнде ең үлкен қауіп болатынын атап өтті.