Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде «Жастар – ел дамуының болашағы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры, Бауыржан Карбеков, психология ғылымдарың докторы, гештальт, психолог Салтанат Асанова, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының», алдын алу бөлімінің мұғалімі Назира Жургенбаева, мектеп инспекторы Марлен Ауелов және полиция мойоры Рахымжан Ирисбеков қатысты.
Кездесуде сала қызметкерлері жасөспірімдер арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, жастармен кері байланыс орнатылды.