​«Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі»

​«Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау қажеттігін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының «Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі» деген сөзі – жас буын үшін зор мүмкіндік пен үлкен сенімнің белгісі.

Бұл – тек жаңа жұмыс орындарын ашу немесе экономикалық пайда әкелу емес, бұл – жастарды дербес ойлауға, тәуекелшіл болуға, өз арманын жүзеге асыруға шақыру. Кәсіп ашуға ұмтылған әрбір жас – ел дамуының тірегі, қоғамға жаңа серпін беретін қозғаушы күш. Бүгінде мемлекет тарапынан түрлі гранттар, жеңілдетілген несиелер, оқыту және тәлімгерлік бағдарламалар қарастырылған. Бұл қолдау – жастардың өз ісін ашып қана қоймай, оны табысты жүргізуіне жол ашады. Әсіресе ауыл-аймақтағы, шағын қалалардағы жас кәсіпкерлер үшін бұл үлкен мүмкіндік.

Шымкент қаласының өзінде көптеген жас бизнеске қадам басып, қоғамға пайдалы жобаларды іске асырып жүр. Бірі экологиялық таза өнім өндіруді қолға алса, бірі білім беру орталықтарын ашып, балалардың дамуына үлес қосуда. Осындай мысалдар жастардың әлеуеті зор екенін көрсетеді.

Президент атап өткендей, жастардың басты миссиясы – елге пайдасын тигізу. Ал мемлекет пен қоғам сол арманды жүзеге асыруға қолдау білдіруі тиіс. Біз, жастар саясаты саласында жүрген мамандар, әрбір жастың ойы тыңдалатын, идеясы қолдау табатын орта қалыптастыруға күш саламыз.

Аружан Әлжан, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» басшысының міндетін уақытша атқарушы