Шымкентте халықты жұмыспен қамту орталығы, «Shymkent ӘӘК» АҚ мен «Asia Trafo» трансформаторлық зауыты арасында өзара бірлескен меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Shymkenaqparat
«Shymkent ӘӘК» АҚ-ның қолдауымен өткен кездесуде мемлекеттік бағдарламаның тиімділігіне қызығушылық танытқан, техникалық мамандығы бар жастарды «Жастар практикасы» негізінде жұмысқа тарту жөнінде келіссөз жүргізді.
– Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясат қазір жан-жақты мағынаға ие. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайту үшін барлық шараларды қолға алу жоспарланып отыр. Осы орайда, бүгінгі өзара келісім «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту шараларына тартуға бағытталған,-дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры С.Абдуллаев.
Айта кетсек, «Asia Trafo -«Alageum Electric» компаниясы қазақстандық холдинг құрамына кіретін трансформаторлық жабдық өндіретін ең ірі зауыттардың бірі.
Жыл басынан «Жастар практикасы» бағытымен 900-ге жуық жас жұмысты болса, 175 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған.