​«Жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығы» ашылды

​«Жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығы» ашылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығының» жұмысымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Орталықта 8 өндірістік шеберхана бар.

Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі өткен жылы «Жас маман» жобасына қатысып, 371 миллион теңгеге жапондық «JUKI» компаниясының заманауи құрал-жабдықтарын алған. Жаңа жабдықтармен жұмыс жасау үшін колледждің 30 маманы арнайы оқудан өтіп, сертификат алған.

Жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығын құрудағы мақсат - АЭА кәсіпорындары арасында инновациялық бағдарламалар мен технологиялар тәжірибесін енгізу; оқыту бағдарламалары арқылы өндірістен педагогтерді, мамандарды, сарапшыларды қайта даярлау; «WordSkills» стандарттары бойынша чемпионаттарды дайындау және үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу.

Алдағы уақытта орталықтан «кестелеуші», «сандық модельер», «пішуші», «киім құрастырушы», «модельер-құрастырушы», «тігін өндірісінің технологы», «бас киім модисті», «киім дизайны», «тігін жабдығының операторы» секілді құзіреттіліктерді ашу көзделіп отыр.

Жалпы, қаламызда 31 техникалық және кәсіби білім беретін оқу ордасы бар.

“Жас маман” жобасына былтыр қаламыздағы 2 колледж қатысып, 646 624 млн теңгеге жабдықтар сатып алған. Ал биыл 5 колледжге 1 млрд 700 млн теңге бөлінеді. Оған сапалы кадрлар даярлауға мүмкіндік беретін жабдықтар сатып алынады.