«ЖЕҢІМПАЗ БОЛ»: ӨНЕРЛІ ЖАСТАРДЫҢ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

«ЖЕҢІМПАЗ БОЛ»: ӨНЕРЛІ ЖАСТАРДЫҢ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен қала жастарының арасында «Жеңімпаз бол» тақырыбында футбол спорт түрінен жолдастық кездесу матчы өтті.

Тартысты кездесуге қаламыздың өнерпаз, әншілер мен жайдарманшылар, белсенді жастары қатысты.

-Турнирдің мақсаты – жастарды дене шынықтыру және спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырып, нашақорлық және есірткіге қарсы күресуге үйрету және бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау. Бүгінгі ойын қызықты, тартысты өтті. Наурыз Рсымов, Әли Байжұмат, Әліш Рауан бастаған жігіттердің дайындығы бабында. Ойынның демеушілеріне де алғысымыз мол, - дейді Еңбекші ауданы жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Серікбай Қуаныш.

Айта кетейік, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар одан әрі өз жалғасын табатын болады.

«Шымкент келбеті»