Жел сілкінісі салдарының алдын алу жайы талқыланды

Жел сілкінісі салдарының алдын алу жайы талқыланды

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жер сілкінісі салдарының алдын алу және жою бойынша арнайы жиын өткізді. Басқосуда зілзала орын алған жағдайда күш-құралдарының және азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы пысықталды.

Сондай-ақ сейсмикалық микроаймақтандыру картасын әзірлеу жайы талқыланып, барлық органдардың қысқа мерзімді іс-қимыл алгоритмі бекітілді.

Жер сілкінісінің зардаптарымен күресу, қалпына келтіру бойынша Полиция, Төтенше жағдайлар департаменттерінің алгоритмге сәйкес іс-әрекеті нақтыланды.