Жер қатынасы саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін портал іске қосылмақ

Жер қатынасы саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін портал іске қосылмақ

Шымкентте жыл соңына дейін геоақпараттық портал іске қосылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Геопорталда барлық картографиялық деректер жиналып, қаланың бас жоспарының жобалары орналастырылады.

Бұл жөнінде Cәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы Берік Әшірбеков мәлімдеді.

Картаға қаланың әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарының әр объектісі туралы мәлімет енгізіледі. Нәтижесінде заңсыз құрылыс пен жер иелену фактілері түбегейлі жойылады. Сонымен бірге геоақпаратты автоматтандыру арқылы жер қатынасы саласында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді, - деді Берік Айдарұлы.

Геопортал осы саладағы барлық мемлекеттік ақпараттық ресурстарды біріктіреді. Мәселен, құрылыс индустриясының қызметкерлері, геодезистер, топографтар мен энергетиктер, мелиораторлар және қала тұрғындары қаладағы кез-келген нысанның сипаттамасын портал арқылы көре алады.

Фото: Береке Сейітжаппар