Маусымдық кезеңге орай залалсыздандыру жұмыстар 10 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Shymkenraqparat
Бұл туралы Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлімдеді.
Дератизация жұмыстары көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс тастайтын жәшіктеріне, қаладағы өзен-каналдар аумағына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Атап айтқанда, бұл жылы көктемгі кезеңдегі жоспарға сәйкес залалсыздандыру жұмыстарын 16 844 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктер мен 1 081 840 шаршы метр өзен-каналдар аумағына жүргізу жоспарланған.
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында кеміргіштерге қарсы дератизация жұмыстарына «Дезинфекция» медициналық мекемесінің 5 бригададан құралған 20 маманы жұмылдырылған.
Бүгінгі таңда бұл жұмыстар Еңбекші және Әл-фараби аудандарында басталып, 6634 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес Қаратау және Абай аудандарында жалғасып, сонымен қатар қала аумағындағы өзен-каналдар аумағына да жүргізілетін болады.
Ескерте кететіні, көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындары зиянкестерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді балалардың ұстамауына және үй жануарларының жеп қоюына абай болуларыңызды сұраймыз. Қосымша ақпарат бойынша 8(7252) 24-75-37 байланыс нөміріне хабарласуға болады.