«Еңбек» бағдарламасын іске асыруға 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін 30-дан астам мамандықтар тізбесі бекітілген. Осы бағдарлама аясында Шымкентте 2 500 азаматты оқуға жолдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Оқу мерзімі 3 ай (1 ай теория, 2 ай тәжірибе). Оқыту курсына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу тиіс. Оқу аяқталған соң біліктілік сертификаттары табысталады.
Оқушыларға шәкіртақы қарастырылған.
Өтініш берген кезде үміткер мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);
3) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқығанын растайтын құжаттарды (куәлік, сертификат) болған жағдайда,
4) № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының № 086-У бастапқы медициналық құжаттама нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Бұл ретте жұмыспен қамту орталығы заман талабына сай мына мамандықтар бойынша оқытуға шақырады: Аспаз, кондитер, визажист, шаштараз, маникюр шебері, электрші, дәнекерлеуші, автоэлектрші, автокраншы, сантехник және т.б.
Айта кетсек, студенттер бұл бағдарламаға қатыстырылмайды. Оқу топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады. Оқу курстары офлайн түрінде аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүзеге асырылады. Өткен жылы 1196 адам техникалық және кәсіптік оқудан өтсе, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2000 адам жолданған. Қысқа мерзімді оқытудан кейін 1590 адам жұмыспен қамтылған.
Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: «Нұрсәт»м/а, С.Бәйтереков көшесі 89.1 қабат, 4 кабинет.
Байланыс тел: 8775 053 39 41