Шымкентте 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Зорлық – зомбылықсыз 16 – күн» акциясы өтілуде. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы акция аясында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Акцияның негізгі мақсаты - зорлық-зомбылықтың жолын кесу, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған. Осыған байланысты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Айта кетейік, №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық, мәдени, педагогикалық, еңбек және экономикалық секілді 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді және орталықта қызмет алушылар саны – 30, оның ішінде 6-аналар, 24- балалар бар.
«Зорлық – зомбылықсыз 16 күн акциясы» аясында тұрғындарға қажетті мәліметтер қамтылған буклеттер мен 750 дана кітапшалар таратылды.
Жоспарға сәйкес Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларына орталықта арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсететіні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық - зомбылыққа ұшыраған немесе куә болған жағдайда 45-03-03 сенім және 8-775-450-54-33 ыстық желі нөмірлеріне хабарласуға болады.