"Жыл басы - әз Наурыз" думанды шарасы телевизиялық нұсқада ұсынылады

"Жыл басы - әз Наурыз" думанды шарасы телевизиялық нұсқада ұсынылады

Еліміздегі эпедемиологиялық ахуалға байланысты Шымкентте Наурыз мерекесі жаппай тойланбайды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Осыған орай "Жыл басы - әз Наурыз" думанды іс-шарасы тек телевизиялық нұсқада ұсынылады (уақыты қосымша хабарланады).

21-нен 22-не қараған түні "Наурыз белгісі" саналатын Қыдыр баба, Жер ана секілді кейіпкерлер Жаңа Жылды, яғни жаңа күннің шығуын қарсы алады. Мерекелік қойылым, ән-би барлығы арнайы түсіріліп, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында теледидардан көрсетіледі.

«Жыл басы-Әз Наурыз» мерекесінің арнайы түсіріліміне дайындық жұмыстары Ескі қалашық (Цитадель) жанында бой көтеріп келе жатқан «Шымқала- этно ауыл» атты жаңа құрылыс аумағында атқарылуда. Жаңа нысан құрылысы аяқталғаннан кейін ел игіліне беріледі.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Мереке кезінде карантин талаптарын сақтап, қарапайым сақтық шараларын ұстануға шақырамыз.

Баршаңызға мереке құтты болсын!


Фото: ашық дереккөз