Жыл басынан бері 2,4 мың этникалық қазақ «Қандас» мәртебесін алды

Жыл басынан бері 2,4 мың этникалық қазақ «Қандас» мәртебесін алды

2021 жылдың басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сенсек, 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы Өзбекстаннан, ҚХР-дан, Түрікменстаннан, Моңғолиядан және басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларына қоныстанды.

1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі - 58,4%, еңбекке қабілетті жастан кіші - 24,3% және зейнеткерлер -17,3%.