​Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ елге оралды

​Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ елге оралды

Қазақстанда 2021 жылдың басынан бері төрт мыңға жуық этникалық қазақ елге оралып,қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

"2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,6%) Өзбекстаннан, 11,9%-і – Қытайдан, 5,8%-і – Түркіменстаннан, 3,0%-і – Моңғолиядан және 3,6%-і – басқа елдерден", - делінген ведомствоның ресми сайтында.

Министрліктің ақпаратынша, елге оралған этникалық қазақтар, негізінен, Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ, Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларына қоныстанды.

Айта кетейік,1 сәуірдегі жағдай бойынша атажұртқа оралған этникалық қазақтардың 59,9%-і – еңбекке қабілетті жаста, 24,1%-і – еңбекке қабілетті жастан кіші және 16%-і – зейнеткерлер.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 миллион 74,3 мың қандас оралды.