Шымкентте «Жыл мезгілдері» атты ІV Республикалық көркем сурет және фотосурет байқауы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Байқауға ерекше білімді қажет ететін және үйде оқитын оқушылар қатысты.
Жарысты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің мұғалімдері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырды. Байқауға директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Аширбекова Сәуле жетекшілік етті. Өзге де мұғалімдер атсалысты.
Байқауға 10 оқушы қатысты. Оның 4-і үйден оқыса, 6-ы инклюзивті сыныпта білім алады. Көрмеге қойылған көркем сурет пен фотосуреттердің үздігі таңдалды. Жарыста жүлделі 1 орынды 2 оқушы иеленсе, тағы 2 оқушы күміс жүлдені жеңіп алды. Ал 3 оқушы түрлі номинациялармен марапатталды.
Фото: ашық дереккөз