Шымкентте жыл басынан бүгінге дейін 283 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жыл соңына дейін 700-ден астам «ерекше» жанды жұмысқа тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Денсаулығында туа бітті ақаулығы бар Абылайхан Әбдіқадіров Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан. Қиындыққа мойымай, еңбектенгісі келген 23 жастағы азамат «Шапағат» арнайы қызмет көрсету орталығында қоғамдық ақылы жұмыс бағдарламасы бойынша қызмет атқарады.
– Мамандығым заңгер. Алғам білімім мен тәжірибеммен қоғамға пайдамды тигізіп, жұмыс істегім келеді. Өмірде адал қызмет ету – басты мақсатым. Жұмыс істеймін деген адамға елімізде барлық мүмкіндік қаралған,-дейді Абылайхан Әбдіқадіров.
Айта кетсек, бүгінде қалада халықты жұмыспен қамту бағытында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Кез келген азамат жұмыспен қамту іс-шараларына қатысуға мүмкіндігі бар.