16 жасар оқушы NASA-да іс-тәжірибеден өтті

16 жасар оқушы NASA-да іс-тәжірибеден өтті

Бала кезінен ғарыш саласына қызыққан елордалық Ерасыл Тәуекел «Назарбаев зияткерлік мектебінің» 10-сыныбында оқиды, деп хабарлайды Shymkentaqparat


Ерасыл кішкентайынан зымыран құрастыру үйірмелеріне қатысып, ең алғашқы ракетасын 7-ші сыныпта жасап шығарған.


- NASA-дағы іс-тәжірибе әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған оқушылар үшін заманауи ғарыш саласымен жақын танысуға мүмкіндік ұсынады. Сондықтан өз өтінішімді жолдадым. Мен бұл мүмкіндікті қалт жібере алмадым, – дейді Ерасыл.

Екі аптаға созылған іс-тәжірибе онлайн-форматта өтті.

Сондай-ақ жас өнертапқыш жобасын үш қазақстандық ғарышкерлерге таныстырды. Олар Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев және Айдан Айымбетов.