​Шымкентте 2025 жылдың үздік емханалары анықталды

​Шымкентте 2025 жылдың үздік емханалары анықталды

Шымкентте медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін мекемелер арасында өткен «МСАК көшбасшысы» байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Үздік емхана басшыларын қала әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың төрағалығымен өткен аймақтық штаб отырысында ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәуле Дүйсенбаева марапаттады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қалалық №6 емхана «МСАК көшбасшысы» атағын жеңіп алды. Қалалық №2 емхана жүлделі II орынға ие болып, «Алинур и К» медициналық орталығы III орын алды. Сонымен қатар бірқатар медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін мекемелерге түрлі номинациялар бойынша мадақтамалар табыс етілді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалы ұйымдастырған бұл байқау емханалардың қызмет сапасын арттыру мақсатында өткізілген болатын. Байқауға Шымкент қаласында Қормен шарт жасасқан емханалар қатысты. Емдеу мекемелері МӘМС жүйесінде қамтылған азаматтар саны, арыз-шағымдар санының төмендеуі, сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары мен қағидаттары туралы ақпараттық материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялау сияқты критерийлер бойынша бағаланды.

«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық қәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі мен «Сенім» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Шымкент қаласы бойынша филиалдары өз тараптарынан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарын табыс етті.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін мекемелер арасында өткен байқау – еліміздегі медициналық қызметтің сапасын жақсартуға және халыққа қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралардың бірі.

#әмсқшымкент#мәмсшымкент