20 күнде 27 мыңға жуық шетел көлігі заңдастырылды

20 күнде 27 мыңға жуық шетел көлігі заңдастырылды

Көлікті заңдастыру шарасы жүзеге асырыла бастаған 20 күнде 27 мыңға жуық көлік тіркелді, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы деректерге қарағанда, тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, әрі тіркеуге жіберілді.

Сонымен бірге ІІМ автокөліктерді заңдастыру процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін талдау жүргізуде.

Атап айтқанда, заңдастыру процесінде көбіне басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды, олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған.

«Аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.