Биыл 26 мыңға жуық Шымкент тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Өткен жылы 34 мыңнан аса тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,6%-ға жетті.
Қазіргі таңда қалада 81 елді мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Биыл 9 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылмақ. Осылайша жыл соңында көрсеткіш 95,6%-дан - 98%-ға өседі.
Жалпы 2022-2025 жылдары қаланың оңтүстік бөлігінің ауыз су сапасын жақсарту мақсатында «Сайрам су» жаңа ауыз су көзінің және 22 шақырым магистралдық суаққының құрылысын жүргізу жоспарланған.
Фото: ашық дереккөз