Дәл осы тақырыпта Байқоңыр қаласында конференция өтті, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Арнайы іс сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Байқоңырдың әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы мәлімдеді.
Үкімет басшысына қаланы газдандыру және сумен жабдықтау, туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» АЭА құру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы баяндалды. «Союз МС-18» басқарылатын кораблінің ұшырылуын және оның Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуін бірлесіп бақылағаннан кейін Үкімет басшысы «Роскосмос» ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шараға қатысушыларға арнаған сөзін оқып берді:
–Міне, 65 жыл бойы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы болып келген Байқоңыр ғарыш айлағынан 150 ғарышкер кең байтақ ғаламды игерді. Олардың қатарында қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов бар. Қазақстан мен Ресейдің одан әрі белсенді және жемісті ынтымақтастығы ғарыштық зерттеулер мен басқарылатын ұшулар саласындағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға ықпал ететініне сенімдімін, — деді А. Мамин.
Айта кетейік, осыдан 60 жыл бұрын дәл осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тұңғыш ғарышкер – Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа ұшқан болатын.