Ана сүтінің маңызы
Жаңа туған нәрестенің тамақтануы бала организмінің дамып, өсуіне қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілуі қажет.
Осы реттегі табиғаттың ең керемет сыйы - ол ана сүті.
Алғашқы 6 ай ішінде бала ана сүтінен барлық өзіне керекті қоректік заттар мен суды алады, олар баланы әртүрлі аурулардан қорғайды және бұл уақытта балаға басқа ешқандай тағам мен су қажет емес.
Ана сүті дегенімі:
1) Тамақтың оңтайлы температурасы
2) Тамақтың кіршіксіз тазалығы
3) Балаға тамақты қорытуға көмектесетін қосымша заттар
4) Балаға жұқпалы аурулармен күресуге көмектесетін және қорғайтын заттар.
Ана сүтінде не ерекше құнды болып табылады?
- Ана сүті баланы жұқпадан қорғауда маңызды рөл атқаратын көптеген иммуноглобулиндерді қамтиды.
- Туылғаннан кейін жатырдан тыс өмірдің басталуымен бұрындары ана құрсағында оқшауланып келген бала көп микробты флороға соқтығысады. Вирустар мен бактериялар теріге , тыныс алу және ас қорыту органдарыныңшырышты қабаттарына орныға бастайды,жекелеген түрлерібаланың денсаулығы үшін қауіпсіз болмауы мүмкін. Бірақ ана сүтінің көптегенәр түрлі антиденелер мен басқа да қорғаушы факторларды қамтитындықтан , бала жұқпалардан қорғалады.
- Бала туылғаннан кейін бастапқы 3-4 күнде қабылдайтын өтпелі сүт пен уыз мейлінше жоғары иммундық белсенділікке ие.
- Омыраумен тамақтандырылатын балалардың ауыру деңгейі жасанды тамақтандырылатын балаларға қарағанда айтарлықтай аз екендігін айта кету керек.
Ана сүтімен емізудің артықшылығы.
Ана сүті- емізулі баланың дене бітімі мен ой – санасының толыққанды дамуына ықпал ететін, баланың да , ананың да денсаулығына оңтайлы әсер тигізетін, бала үшін теңдесі жоқ қорек болып табылады.
Ана сүтін емізу бкаланың иммунитетін қалыптастырып және денсаулығыннығайта отырып, ана мен бала арасындағы психоэмоционалдық байланыстың туындауына ықпал етеді.
Бала үшін артықшылықтары:
- Ана сүтінің құрамында сіздің сәбиіңіздің қалыпты өсіп- дамуына жеткілікті мөлшерде болатын барлық қажетті заттектер ; нәруыздар, майлар, лактоза, дәрумендер, темір, су (80%), ферменттер болады.
- Ана сүтін емген балалардың денсаулығы анагұрлым мықтырақ болады. Ана сүтінде асқазан ішек ауруларымен іш өткізуді шақыратын потогенді бактериялардың ішекте дамуына жол бермейтін заттектер болады.
- Ана сүті жұқпалардан қорғайды, сондай- ақ , аллергия, диабет және артық дене салмағының даму мүмкіндігін азайтады.
- Ана сүтін емген балалар арасында сәбилердің кенеттен өліп кету синдромының даму қаупі төмен болады.
- Ана сүті стерилди, бактериялармен зарарланбайды және де микробтарға қарсы тұратын қасиеті бар .
- Ана сүтінің температурасы қалыпты, әрқашан қолжетімді, стерилді және қауіпсіз қорек.
- Ана сүтін емізу – жәй қоректендіруден де артығырақ. Ол ана мен сәби арасындағы эмоционалдықөзара қарым – қатынасын нығайта түседі, екеуін махаббат пен жүрек жылуына бөлейді, жақындық сезімін оятады.
Ана үшін артықшылықтары:
- Ана сүтін емізу босанғаннан кейінгі қан кету мен анемияның дамуқаупін азайтады.
- Омыраумен емізу ананың тән сымбатын қалпына келтіруге көмектеседі.
- Ана сүтімен емізу жаңа жүктілікті болдыртпайды.
- Ана сүтін емізу сут және аналық бездерінің обырынан қорғайды.
- Ана сүтімен емізуді сәтті бастау анада өзінің сәбиін үйлесімді қорекпен және дұрыс күтіммен қамтамасыз ете аламын деген сенімділіктің қалыптасуына жағдай жасайды.
- Ана сүті әруақытта қолжетімді және уақытты , қаражатты үнемдеуге, сонымен қатар күш- қуатты қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Ана сүтін емізудің отбасы үшін артықшылықтары
- Емізулі анағаарналған тиісті емдәмінің құны баланы тамақтандыруға арналған жасанды қоспаныңқұнынан төмен.
- Ана үнемделген қаражатты отбасының басқа мүшелеріне қолдана алады.
- Емізуге және сүтті саууға қажеттіқоспалар мен жабдықтарды (сүтсауғыш және т.б) сатып алудың қажеті жоқ.
- Отбасы электр энергиясына , суға, жанармайға деген қосымша қаражатты да шығындамайды.
- Медициналық кеңестер , дәрі – дәрмектерге , зертханалық зерттеулерге және ауруханада жатуға арналған шығындар азаяды. Ана мен баланың денсаулығы мықтырақ болады.
Эмоционалдық байланыс
- Ана мен бала арасында өзара сүйіспеншілік сезімін оятатынтығыз қарым – қатынас туындайды.
- Анада сәбиін емізуден және оны толықанды күтім жасаудан эмоционалды қанағаттандыру сезімі қалыптасады.
- Сәби сирек жылап, салмағы арта бастайды.
- Анасының сенімділігі арта түседі.
- Сәбидің тастанды болу немесе жәбірленуі мүмкіндігі сирек кездеседі.
Туғанбаева Жәудір Төребекқызы
№ 3 қалалық емхананың педиатр дәрігері