АУА РАЙЫНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 1-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛАДЫ

АУА РАЙЫНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 1-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛАДЫ

Құрметті қала тұрғындары, ауа-райының қолайсыздығына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 1-8 сынып оқушылары үшін ағымдағы жылғы 10-11 қаңтар күндері қашықтықтан оқыту ұйымдастырылып, ал 9-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта білім алу жалғастырылатын болады.

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «ҚАЗГИДРОМЕТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының 2023 жылғы 09 қаңтардағы дауылды ескертуіне сәйкес, Шымкент қаласында 10 қаңтарда кей уақытта қатты қар, тұман, көктайғақ, күтілуде.

Сақ болыңыздар, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз!