Шымкентте аутизмі бар балаларды емдейтін орталық ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Орталық екі ауысымда жұмыс істейді. Онда бір ауысымда 20 балаға оңалту емін қабылдайды.
Балалардың психикалық денсаулығын реттейтін орталық өткен жылдың қыркүйек айында пилоттық жоба ретінде өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінге дейін 62 бала ем қабылдап, оң нәтижеге жеткен. Бұған дейін балалар ақылығы ем қабылдап келсе, енді орталық ақысыз қызмет көрсетеді.
Бір балаға арналған оңалту курсы үш жарым ай жүргізіледі. Осы уақыт аралығында олармен психолог, дефектолог, логопед секілді білікті мамандар жұмыс істейді. Психоневрологиялық патологиясы бар балаларды емдеуде музыкалық терапия, кәсіби терапия және ойын терапиясы курсы жүргізіледі.
Айта кетсек, орталықта ем алу жергілікті емхананың жолдамасы арқылы жүзеге асырылады. Мекенжай: Нұрсат шағын ауданы № 597 үй.
Фото: Ашық дереккөз