​АВТОКӨЛІКСІЗ КҮН

​АВТОКӨЛІКСІЗ КҮН

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЕРЕКШЕ ЧЕЛЛЕНДЖГЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

22 шілде, дүйсенбі күні елімізде ерекше челлендж өтеді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында отандастырымыз бір күн көліктен бас тартпақ. Осылайша, ауаның ластану мен улы газдардың бөлінуін азайту көзделіп отыр. Челленджге кез келген азамат қатыса алады.

Ұйымдастырушылар азаматтарға қоғамдық көлік, велосипед, скутер немесе жаяу жүруге кеңес береді.

Қатысушылар #Автокөліксізкүн хэштегін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде өзінің жеке көлігін қолданбай, қоғамдық көлікпен жүргенін көрсететін фото немесе бейнероликтерін бөлісе алады.

Белсенді азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп, қоршаған ортаға қамқорлық танытыңыз.

#Автокөліксізкүн

«Шымкент келбеті»