БАЛАЛАР ҚУАНСА, ӘЛЕМ ҚУАНАДЫ

БАЛАЛАР ҚУАНСА, ӘЛЕМ ҚУАНАДЫ

Жаңа жыл мерекесіне орай қала әкімі Мұрат Әйтенов №3 балалар үйінің бүлдіршіндерін арнайы барып құттықтап, ерекше қуанышқа бөледі. Оларға сыйлықтар табыстап, жылы лебізін жеткізді.

Жыл иесі қоян кейпіндегі кейіпкерлер, Аяз ата мен Ақшақар балаларды жаңа жылдық мерекеге сәйкес безендірілген концерттік залға ертіп кірді. Түрлі ертегі мазмұнындағы қойылымдар көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бүлдіршіндер де белсенді. Аяз ата мен Ақшақарға әзірлеп қойған өлең-тақпақтарын арнап, биден шашу шашты. Балапандардың шаттанған көңілі, әлемді гүлдендіріп жібергендей.

«Балалар – біздің болашағымыз. Өскенде елдің тұтқасы болар азаматқа айналғайсыңдар»,-деп тілек білдірді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айтып өтейік, аталған мекеме Шымкенттегі Бархатная көшесі, №19/1 мекен жайда орналасқан. Мұнда 70 орындық асхана, 70 орындық музыка сыныбы мен 7 түрлі үйірме жұмыс істейді. Балаларды мектепке апарып-алып келу үшін арнайы газель көлігімен қамтамасыз етілген.