Балаларымыз біздің қателік үшін зардап шекпеуі тиіс! – Президент

Балаларымыз біздің қателік үшін зардап шекпеуі тиіс! – Президент

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Ақорданың twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап

Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар. Ал Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс, - деді Президент.

Мемлекет басшысы вирустың «ең қымбат» жандарға зардабы тиетінін атап, вакцина –бұл өзімізді және отбасымызды қорғаудың жалғыз мүмкіндігі екенін айтты.

– Бұл күресте біздің аға буын зардап шегеді, бірақ балалардың ауыратыны өте жаман. Өзіңізді және жақындарыңызды осы қауіптен қорғаудың жалғыз жолы - вакцинация. Әлемдік медицина әлі басқа әдіс ұсынған жоқ, жақын болашақта ұсынуы да екіталай. Вакцина - өзімізді және отбасымызды қорғаудың жалғыз мүмкіндігі. Балаларымыз біздің қателік үшін зардап шекпеуі тиіс! Бейбіт күнде жақындарымызды жоғалтуға болмайды. Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс, - деді Қ.Тоқаев.

Айта кетсек, бүгін мемлекет басшысының қатысуымен елдегі коронвирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтуде.