Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасайды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасайды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 21:30-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік" атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

"Мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо және Ямайканың премьер-министрі Эндрю Холнесс мұрындық болды",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады.