Шымкентте биыл шалғай елді мекендердергі 153 шақырым ішкі орам көшеге тас төселеді. Бүгінде жеңімпаз мекемемен келісімшарт түзілген. Жөндеу жұмыстарын шілде айында аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қала аумағындағы орам көшелер зерделініп, 172 шақырым топырақ көше анықталды. Жоспар бойынша 153 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу жұмысы көзделіп отыр.
Бұдан бөлек, шалғай елді мекендерде шағал тас жабындысы бар 1046,4 шақырым көше бар. Инженерлік коммуникация (газ тарту, кәріз жүйелері, ауыз су) жұмыстары барысында қайта қалпына келтіру өз деңгейінде жүргізілмейтіні анықталды. Салдарынан 180,1 шақырым көшенің техникалық жағдайы нашарлап, қайтадан тас төсеу жұмыстарын жүргізуді қажет етіп отыр.
Осыған орай шағал тас төсеу жұмысы кезең-кезең бойынша атқарылады.