Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Үкімет құрылыс көлемін ұлғайту және тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін ерекше бақылауда ұстайды. Биыл 17 миллион шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарланған. Инвестициялар көлемі 2,2 трлн теңгені құрайды», - деді Премьер-министрі.
Айта кетейік, биыл Шымкентте сатып алу құқығынсыз 976 пәтер кілтін үлестіру жоспарланып отыр. Оның ішінде 300 пәтер «Жастар» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген жастарға берілмек. Қазіргі таңда аталған бағдарлама аясында өтінімдер қабылдау жүргізілуде.
Қалалық Тұрғын үй басқармасының мәліметінше, биыл көпбалалы отбасыларға 378 пәтер ал, 298 пәтер кілтін әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға табыстау көзделген.
Фото: ашық дереккөз